×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мәжіліс Назарбаевтың екі ұйымдағы төрағалық қызметін тоқтатты

19.01.2022, 15:30
Мәжіліс Назарбаевтың екі ұйымдағы төрағалық қызметін тоқтатты
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс конституциялық заңдарға түзету енгізіп, еліміздің Тұңғыш Президентінің Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалығын тоқтатты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Қанат Нұров Facebook-парақшасында мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Парламентте сөйлеген сөзі революциялық сипатта болды, халық жеңілдеп қалды. Енді Парламент пен үкімет барлық уәдесін толық, шұғыл және нақты орындауы керек», - деп жазды Мәжіліс депутаты.

Оның айтуынша, ең алдымен, Тұңғыш Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық етуінен бас тарту керек болған және ол бүгін жасалған.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» және «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» конституциялық заңдарға қажетті барлық түзету Сенатқа жіберілді. Қазір ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ету тұлғасы бойынша емес, лауазымы бойынша Президентке заңды түрде тиесілі», - дейді депутат.