×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Тоқаев білім жайлы: Бәлкім, жастарды алдымен Ресейге жолдаймыз

21.01.2022, 12:07
Фото: Ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» бағдарламасының бағыт-бағдары қайта қаралатынын мәлім етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Мен біздің елдегі білім саласын қайта форматтан өткізгім келеді. Біз экономистер, заңгерлер мен менеджерлерді көп шығара бастадық. Бірақ бізге қазір білімді техникалық рельске түсіру керек», - деді ол бизнес өкілдерімен кездесу барысында.

Ол сонымен бірге «Болашақ» бағдарламасы қайда бағдарланатынын мәлім етті.

«Біз жас азаматтарды оқуға, оның ішінде Ресейге жолдайтын боламыз. Бәлкім, ең бірінші кезекте Ресейге, техникалық жоғары оқу орындарына жіберу керек шығар. Таяуда ғана мен әлемнің жетекші елдерінің филиалдарын техникалық мамандықтар бойынша ашуды тапсырдым. Қазақтар, жас қазақтар ең алдымен технарь болуы керек. Бұл менің түпкі байламым», - деді президент.

Серіктес жаңалықтары