×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Тоқаев: Кедендегі «пысық» кәсіпкерлермен күрес жүргізіп жатырмыз

25.01.2022, 14:28
Тоқаев: Кедендегі «пысық» кәсіпкерлермен күрес жүргізіп жатырмыз
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеденде заңсыз пайда тауып жүрген кәсіпкерлермен күрес жүріп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Біз кедендік шекарада тәртіпті орнатуды батыл түрде қолға алдық. Оның ішінде артық пайдакөс кәсіпкерлермен күрес жүргізіп жатырмыз. Олар заңсыз схемаларды енгізіп, бизнес үшін әртүрлі кедергілерді қойып келген. Құқыққа қарсы осындай әрекетке қарсы күрес нәтижесі таяуда жемісін береді», - деді Қазақстан президенті «Орталық Азия – ҚХР» саммитінде сөйлеген сөзінде.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысуда. Саммитке ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон бейнеконференция режимінде қатысып отыр.