Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдау жасайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, делінген хабарламада.
БҰҒАН ДЕЙІН
Президент бұған дейін 2019 жылы 2 қыркүйекте, 2020, 2021, 2022, 2023 жылдары 1 қыркүйекте және былтыр 2 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдау жасаған.