×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ерболат Досаев Алматы әкімі болып тағайындалды

31.01.2022, 09:27
Ерболат Досаев Алматы әкімі болып тағайындалды
Фото: ашық дереккөз

Алматының жаңа әкімі болып Ерболат Досаев тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы yyedilov Telegram-арнасы мәлімдеді.

Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматыда дүниеге келген. Республикалық физика-математика мектеп-интернатын, Алматы энергетика институтын және Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін инженер-электроншы мамандығы бойынша бітірген.

Ол әр жылдары «Акцепт корпорациясы» ЖТАҚ бас директоры, «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ басқарма төрағасы, Премьер-Министрдің кеңесшісі қызметтерін атқарды. Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, Қаржы вице-министрі, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігін басқарды.

Сонымен қатар, Ерболат Досаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің төрағасы, Денсаулық сақтау министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Ұлттық экономика министрі, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарған. 2017 жылдың тамызынан 2019 жылдың ақпанына дейін ол премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды. Жаңа тағайындалғанға дейін Ұлттық банк төрағасы қызметін атқарды.

Алматы қаласының әкімі 2019 жылдың маусымынан бастап Бақытжан Сағынтаев болған. 2022 жылдың қаңтарында otinish.kz сайтында оның отставкаға кетуі туралы петиция жарияланған. Авторлар наразылық білдірушілер алдына шықпаған, сонымен қатар, тәртіпсіздік кезінде қала тұрғындарын қолдамай, шешім қабылдай алмаған әкімді сынға алған болатын.