×
541.68
636.26
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.68
636.26
6.48

Тоқаев көмекшілерін қызметінен босатты

25.09.2025, 17:08
Тоқаев көмекшілерін қызметінен босатты
Коллаж: ulysmedia.kz

Қанат Шарлапаев, Тамара Дүйсенова мен Ернар Баспаев Ақордадағы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды.

Қанат Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды.

КЕҢЕСШІ

Сонымен қатар, Ернар Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды.

АЙТА КЕТЕЙІК

Тамара Дүйсенова Тоқаевтың көмекшісі болып биыл ақпанда тағайындалған болатын. Қанат Шарлапаев та ақпанда Ақордаға президенттің көмекшісі болып тағайындалған. 

Ал Ернар Баспаев 2023 жылдың қыркүйегінен бері президенттің кеңесшісі қызметін атқарған еді. 

Серіктес жаңалықтары