×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салу 6 айдан басталмақ

03.02.2022, 12:14
Фото: ашық дереккөзден

АҚШ-та 6 айдан 5 жасқа дейінгі балаларды коронавирусқа қарсы егуді бастауды жоспарланып отыр. Иммунизация үшін Pfizer препараты қолданылады. Вакцинация ақпан айының соңында басталмақ. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі хабарлады. 

Палестина Батыс жағалаудағы барлық мектептерде күндізгі сабақтарды тоқтатты. Шешім ковид ауруының өсуіне байланысты қабылданды және ол 12 ақпанға дейін жалғасады. Елдің денсаулық сақтау министрлігі «Батыс жағалау мен Газа секторында бұрын-соңды болмаған аурушаңдық тіркеліп, жағдайдың ушығуы тағы бірнеше күн жалғасады» деп атап өтті.

Бірқатар елде коронавируспен ауыратындардың тәуліктік өсуі бойынша антирекордтар тіркелді: Түркияда — 102 601, Оңтүстік Кореяда — 20 270, Словакияда-20 224.

 

Серіктес жаңалықтары