×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматыда Әбдіжәміл Нұрпейісовті ақтық сапарға шығарып салды

07.02.2022, 13:14
Алматыда Әбдіжәміл Нұрпейісовті ақтық сапарға шығарып салды
Фото: әлеуметтік желіден

Бүгін Алматы жұртшылығы Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен қоштасты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Қоштасу рәсімі Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті. 

Қаралы жиында Иманғали Тасмағамбетов пен Бақытжан Сағынтаев та төбе көрсетті.

Жазушыны соңғы сапарға шығарып салуға жиналған қауымға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айту жеделхатын оқып берді.

«Аса көрнекті қаламгер, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, ҰлыОтан соғысының ардагері Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Әбдіжәміл Кәрімұлы – сұрапыл соғысты бастан кешіп, елге оралғансоң, қазақ әдебиетін өркендетуге сүбелі үлес қосты.

Ұзақ жылғы шығармашылық қызметі жемісті болды. «Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғыпарыз» дилогиясы сияқты туындылары сыншылармен оқырмандар тарапынан жоғары баға алды. Заман жүгін көтергенромандары әлемнің көптеген тілдеріне аударылды.

Әбдіжәміл Кәрімұлының жаңа белесті бағындырған қазақ әдебиетіншетелге танытуға сіңірген еңбегі орасан зор. Ол ұлт руханиятының көшбасшысы болды.

Әбдіжәміл Нұрпейісов адам жанын терең түсінетін, түрлі тағдырдың бейнесін көркем суреттей отырып оқырманға жеткізген ойлы, кеңтынысты жазушы болатын. Өмір бойы қолынан қаламы түскен жоқ. Қазақ елінің рухани-мәдени саласын дамыту жолында өлшеусіз қызмет атқарды.

Ол ұлт классиктерінің жолын лайықты жалғастырған қуатты қаламгер. Солайша, өзі де қазақ әдебиетінің патриархына айналды.

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің соңында ұрпаққа үлгі, ұлысқа игілік болатын шығармалары қалды. Елге ес, сыртқа сес болған жазушының енді екінші өмірі басталды.
Өнегелі ғұмыр кешіп, соңында мол мұра қалдырған Әбдіжәміл Кәрімұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды.

Халқымыз есімін әрдайым ардақ тұтады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», - делінген көңіл айту жеделхатында.