×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астана әкімдігі Талдыкөлде экопарк салуға 1 млрд теңге бөлді

07.02.2022, 17:47
Астана әкімдігі Талдыкөлде экопарк салуға 1 млрд теңге бөлді
Фото: астана әкімдігі

Үлкен және кіші Талдыкөлде экопарк ашылады. Осы мақсатта 1 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. О, деп хабарлайды ulysmedia.kz. әкімліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, кіші Талдыкөлдің су балансын сақтай және толықтыра отырып, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде

Кіші Талдыкөлдегі экопарк жобасы (Е-10 көшесі, «Зеленый квартал» ТК қарама-қарсы) су қоймасы абаттандырылады: су қоймасының бойында судың табиғи сүзілуін және қажетті экожүйені құруға мүмкіндік беретін тастан жасалған жағалау болады. Сондай-ақ су деңгейін сақтап әрі оттегімен біркелкі қанықтыру үшін биодренаждық жүйені ұйымдастыру және су айдынын аэрациялау көзделеді.

Сонымен қатар, серуендеу үшін де арнайы инфрақұрылым жасалады: жағалаудағы сулы-батпақты жерлерде террассалық жағалау сақталады және флора мен фаунасы бар экоклимат үшін жағдай жасалады.

Талдыкөлдің өзінде (үлкен Талдыкөл) өзінің экологиялық инфрақұрылымы болады. Үлкен Талдыкөл көлінің жанында қорық және орман-саябақ аймағы бар еліміздегі алғашқы табиғи парк ашылады.

Урбанистика орталығы базасында, сондай-ақ Есіл ауданының әкімдігінде сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының, сол сияқты қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшылары кіші Талдыкөлдің мәселесі бойынша экобелсенділермен, экологтармен және белсенді тұрғындармен бірнеше рет кездесу өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Кіші Талдыкөл төңірегіндегі дау-дамай өткен жылы жазда басталған. Қала тұрғындары бұл жерде құрылыс салуға қарсы шықты. Мәселе ушығып, Ақордаға дейін араласуға мәжбүр болды. Әкімдік пен құрылыс компаниясы көл аумағы оазиске айналды деп мәлімдеумен келеді.