×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Тауарлық газ тапшылығы: Энергетика министрлігіне нақты талап қойылды

08.02.2022, 14:47
Тауарлық газ тапшылығы: Энергетика министрлігіне нақты талап қойылды
Фото: ашық дереккөзден

Елімізде тауарлық газ тапшылығы туындауы бар. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

«Былтыр біз айтарлықтай энергия дағдарысына тап болдық. Дизель отыны, әуе керосині, сұйытылған мұнай газы, электр энергиясы тапшылығы байқалды. Бұл сапасыз жоспарлаудың, бақылаудың жоқтығының және жекелеген тұлғалардың арам ниетті іс-әрекетінің салдарынан болды. Бүгінде тауарлық газ тапшылығы қаупі бар. Өткен жылы Kazakhgas ойланбастан жаңа өнеркәсіптік нысандарды газға қосуға мораторий енгізді. Соның салдарынан бірқатар өңірде жаңа, оның ішінде жоғары технологиялы және экспортқа бағдарланған жобаларды жүзеге асыруға қажетті газ жоқ», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, елімізде тауарлық және сұйытылған газды қосымша өндіруге қажетті барлық жағдай бар. Десе де, газдың теңгерімді әрі коммерциялық тұрғыда тартымды нарығын құру мәселесі шешілер емес. Сондықтан Мемлекет басшысы Энергетика министрлігінен нақты ұсыныстар күтетінін айтты.