×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Президент журналистерге қарсы қылмыстарды мұқият тергеуді тапсырды

20.01.2023, 08:01
Президент журналистерге қарсы қылмыстарды мұқият тергеуді тапсырды

Тоқаев құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша мұқият тергеу жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған бұл заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс», - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Естеріңізге сала кетейік, кеше белгісіз адамдар Ulys Media сайтын бұзып, Самал Ибраеваның және оның бүкіл отбасының, оның ішінде балаларының жеке мәліметтерін жариялап жіберген болатын.

Бұл Қазақстанда журналистерге жасалған алғашқы шабуыл емес. Бұған дейін Динара Егеубаеваның көлігін белгісіз біреулер өртеп кеткен. Оның алдында Ел Медиа кеңсесінің терезесін біреулер шағып кетті. Ал бүгін түнде журналист Вадим Борейконың есігіне біреулер клей-көбік жағып, қорқытпақ болған.