Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Айбек Смадияровты Ақордаға қызметке тағайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
СМАДИЯРОВ
Айта кетейік, Айбек Смадияров 6 желтоқсанда Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметінен кеткен болатын. Смадияров бұл қызметке 2018 жылы тағайындалды. Бір жылдан кейін Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды, ал 2023 жылдың маусымынан бастап СІМ-нің Коммуникациялар департаментінің директоры қызметін атқарды.