×
514.31
603.03
6.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.31
603.03
6.4

Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары: делегация құрамында кімдер бар

Бүгін, 13:24
Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары: делегация құрамында кімдер бар
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда ресми сапармен жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Делегация құрамы

Ulysmedia.kz тілшісінің Токиодан хабарлауынша, Қазақстан делегациясының құрамына бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктер енген. Атап айтқанда:

  • Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерболат Досаев;

  • Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Әсел Жанасова;

  • Премьер-министрдің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев;

  • Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Ақорданың жариялаған кадрларына қарағанда, делегация құрамында Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев та бар.

Сонымен қатар сапарға квазимемлекеттік сектор мен ірі бизнес өкілдері қатысуда. Олардың қатарында:

  • ERG директорлар кеңесінің төрағасы Шұхрат Ибрагимов;

  • Freedom Holding Corp. негізін қалаушы Тимур Турлов;

  • Integra компаниясының басшысы Шахмурат Мұталип;

  • Harvest компаниясының жетекшісі Алмаз Алсенов;

  • KAZ Minerals өкілі Олег Новачук бар.

Ресми сапар аясында Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық, технологиялық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқылануы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары