×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Мұхамедиұлы ісі: 221 млн теңгені ұрлауға қатысқан тағы бір адам ұсталды

24.01.2023, 08:06
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры А.Мұхамедиұлына және басқа да адамдарға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор мәліметінше, жүргізіліп жатқан тергеу аясында А. Мұхамедиұлымен және басқалармен сөз байласып, «Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі» халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 миллион теңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлауға қатысқан «ҚР Ұлттық мұражайы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары А.Ш. Нұразхан ұсталды.

“Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен А.Ш. Нұразхан 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, 2022 жылдың 28 мамырында сот санкциясымен Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды. Ол бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы 2019 жылдың шілдесінде музей директоры болды. Оған дейін бес жыл мәдениет және спорт министрлігін басқарған.

Серіктес жаңалықтары