×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстан көктемгі тасқынға дайын емес – министр

24.01.2023, 09:33
Қазақстан көктемгі тасқынға дайын емес – министр
фото: ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин су тасқынына дайындық туралы үкіметте баяндама жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, бүгінгі күні Түркістан, Солтүстік Қазақстан,  Ақтөбе облыстарында 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасындағы  22 іс-шараны іске асыру бойынша жұмыстар басталмаған. Астана және Шымкент қалаларының, Батыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстарының әкімдіктері халықты су тасқынынан, еріген және жаңбыр суларынан қорғау деңгейінің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген.

«Алдын ала алдын алу шараларын елемеу су тасқыны салдарын жоюға қосымша қаражат бөлуге әкеп соғады. Су тасқынына толық әзірлік жоқ», – дейді ол.

Еске салсақ, бұдан бұрын Экология министрлігі биыл Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау және Павлодар облыстарынан өзге барлық өңірде су тасқыны болуы мүмкін екенін мәлімдеген.