×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда «СуперЦОНдар» пайда болады

26.01.2023, 15:58
Қазақстанда «СуперЦОНдар» пайда болады
фото: ашық дереккөзден

Елімізде бірыңғай кеңістікте қызметтің барлық түрін алуға мүмкіндік жасалмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мәлім етті.

«Біздің стратегиялық міндетіміз - әрбір өмірлік жағдайды талдау, азаматтың нені бастан өткеретінін түсіну, кедергілерді жою және бәрін ыңғайлы әрі түсінікті процеске көшіру. Ол үшін фокус-топтар жиналып, нақты мемлекеттік органдар, CDO, басқа ұйымдар тартылады. Бизнес-процестерді қайта қарағаннан кейін оларды проактивті қызметтерге барынша ауыстыру жоспарлануда», - деді Бағдат Мусин министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің сөзінше,  ХҚКО-ның сервистік қызметтерін оңтайландыру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

«Қазір Қазақстанда 324 орталық бар, өткен жылы оның 14-і жаңғыртылды, биыл тағы 50-ін жаңарту жұмысы жоспарланып отыр. Таяу болашақта елімізде барлық ұйым орналасқан және қазақстандықтар мемлекетпен өзара іс-қимыл жасай алатын және қызметтерді бір жерден ала алатын азаматтарға ыңғайлы және сапалы қызмет көрсетуге арналған бірыңғай кеңістік – «СуперЦОНдар» пайда болады», - деді Мусин.