×
503.35
590.63
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.35
590.63
6.62

Конституциялық реформа: президенттің мерзімінен бұрын сайлау тәртібі қалай өзгереді

Бүгін, 12:01
Конституциялық реформа: президенттің мерзімінен бұрын сайлау тәртібі қалай өзгереді
Коллаж: ulysmedia.kz

Конституциялық реформа аясында президент сайлауын өткізу тәртібіне өзгерістер енгізу ұсынылып отыр. Бұл туралы Конституциялық комиссия отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Министрдің айтуынша, өзгерістер Конституцияның 41-бабына қатысты және президент сайлауын ұйымдастыру тәртібін нақтылауға бағытталған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, президент сайлауы желтоқсан айының алғашқы жексенбісінде өткізіледі. Алайда бұл норма әрдайым қолайлы бола бермейді, өйткені түрлі жағдай ескерілмейді және президент өкілеттігінің аяқталу мерзімі мен сайлау күні арасында уақытша алшақтық туындауы мүмкін.

Реформа қабылданған жағдайда президент сайлауы мемлекет басшысының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде екі ай бұрын өткізілетін болады.

Сонымен қатар, президент сайлауы елдегі жалпы электоралдық циклмен сәйкес келмеуі тиіс деген норма енгізу ұсынылды. Ал кезектен тыс президент сайлауын тағайындау туралы шешімді президенттің өзі қабылдайды деген тармақты Конституциядан алып тастау көзделіп отыр.

Егер президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылса, сайлау өткізу тәртібі Конституцияның 48-бабына сәйкес реттеледі.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысының ант беру мерзімі де өзгереді. Жаңа сайланған президент сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап бір ай ішінде ант қабылдауы тиіс.

Ал егер президент өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатса, оның өкілеттігін уақытша қабылдаған тұлға да бір ай ішінде ант береді. Бұл билікті беру процесінің жеделдігі мен заңдылығы арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Осылайша елде билік вакуумы туындамайды.

Серіктес жаңалықтары