×
503.9
603.32
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.9
603.32
6.61

Айбек Смадияров Тоқаевтың баспасөз хатшысы болды

Бүгін, 09:03
Айбек Смадияров Тоқаевтың баспасөз хатшысы болды
Ulysmedia.kz коллажы

Айбек Смадияров президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАРЛЫҚ

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды

Ал бұл қызметті атқарған Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды.

СМАДИЯРОВ

Еске салайық, бұған дейін Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Бұл қызметке ол былтыр 15 желтоқсанда тағайындалған еді. 

Сонымен қатар, Айбек Смадияров 6 желтоқсанда Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметінен кеткен болатын. Смадияров бұл қызметке 2018 жылы тағайындалды. Бір жылдан кейін Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды, ал 2023 жылдың маусымынан бастап СІМ-нің Коммуникациялар департаментінің директоры қызметін атқарды.

Серіктес жаңалықтары