Бұл туралы қоғам қайраткері әлеуметтік желіде мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Иә, көп азаматтар мені өз өнірлерінің үміткері ретінде көргісі келді, осында көп жазып шақырған. Баршаңызға сенімдеріңіз үшін алғысымды білдірем.Дегенмен өз басым Алматыда туып өстім ғой, әкем де осында мектебін бітірген болатын. Сол үшін мен Алматы қаласының өзінен сайлауға түсуді жөн көрдім», - дейді ол.
Айта кетейік, бұдан бұрын саясаттанушы Санжар Боқаев та Мәжіліс сайлауына түсетінін мәлімдеген.
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді. Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда сағат 18:00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпанда сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі.