×
494.63
583.22
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.63
583.22
6.42

Орыс тілінің қазақ тілімен тең деген мәртебесі алынып тасталмақ

Бүгін, 17:06
Орыс тілінің қазақ тілімен тең деген мәртебесі алынып тасталмақ
Ulysmedia.kz коллажы

Жаңа Конституция жобасында орыс тіліне қатысты өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты. 

- 9-бап нақтыланып, “тең” сөзі “қатар” деп ауыстырылды, – дейді Нұрмұханов. 

Осылайша «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылады» деп өзгертіледі. 

БҰРЫН ҚАЛАЙ ЕДІ

Қолданыстағы Конституция мәтінінде 9-баптың 2-тармағында былай жазылған: 

- Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

Серіктес жаңалықтары