×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астана әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

30.01.2023, 13:52
Астана әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
фото: ашық дереккөзден

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Нұрлан Нұркенов тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану, қала ортасының сапасын бақылау және бақылау, қаланың санитарлық тазалығы мен кешенді абаттандыру мәселелерін қадағалайды.

Нұрлан Нұркенов 1976 жылғы 3 қарашада Целиноград қаласында  дүниеге келген.

  • С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.
  • Еңбек жолын 1995 жылы "Шамшырақ" ХЖҚ-да менеджер ретінде бастаған болатын.
  • 2003 жылдан 2006 жылға дейін Астана әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-инспекторлық жұмыс бөлімнің бас маманы, өндірістік сала бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
  • 2006-2010 жылдар аралығында ҚР Президенті Іс басқармасының күрделі құрылыс және техникалық қадағалау, ресми іс-шаралар мен сыртқы байланыстар жөніндегі бөлімдерінің меңгерушісі және орынбасары қызметін атқарды.
  • 2010 жылы Астанадағы "Мөлдір су" ЖШС басшысы қызметіне тағайындалды.
  • 2013 жылдан 2014 жылға дейін Бурабай ауданының әкімі болды.
  • 2014 жылдан Ақмола облысы әкімінің өндірістік сала жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
  • 2017 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.
  • 2019 жылғы ақпан айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

Еске салайық, өткен жылдың 8 желтоқсанында елорда әкімі лауазымына Жеңіс Қасымбек тағайындалған.