×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алтай Көлгінов: LRT енді менің құзыретімдегі шаруа емес

31.01.2023, 10:33
Алтай Көлгінов: LRT енді менің құзыретімдегі шаруа емес
Коллаж: ulysmedia.kz.

Астана қаласының экс-әкімі, қазір премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов LRT жобасы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

«LRT менің құзыретімдегі шаруа емес. Мен ол сұраққа жауап бермеймін. Бұл әкімдіктің мәселесі. Мен әкімдікте жұмыс істеген кезде ол туралы бірнеше рет пікір білдіргенмін. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, біз өлі нүктеден қозғалдық. 50 млрд теңге бөлініп, жұмыс басталып кетті. Әкімдік жұмысты жалғастыруда», - деді Көлгінов үкімет кулуарында.

Алтай Көлгіновтың айтуына қарағанда, балкаларды даярлау, құрылымдары әзірленіп жатқанын айтты.

«Ең бастысы, қаражат бөлінді», - деп түйді ол.