СҚО Қызылжар ауданында 2022 жылдың қараша айынан бастап жылыжайды электр қуатына қоспаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Антикор мәліметінше, 24 қаңтарда жергілікті атқарушы органның іс-әрекетіне кәсіпкерден шағым түскен.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында ЖК басшысы коммерциялық объект үшін электрмен жабдықтау желісіне қосылу кезінде әкімшілік кедергіге тап болғаны анықталды.
Антикордың аумақтық бөлімшесі аудандық сәулет бөлімімен кездесу өткізді. Желіге қосылудан бас тартуға заңды негіз жоқ екені белгілі болды.
Қазіргі уақытта электр энергиясына қосылуға рұқсат берілген.