×
$
458.23
535.99
5.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.23
535.99
5.46

Абай елін алаңдатқан мәселелер қандай

Бүгін, 15:42

Семей облыс орталығы мәртебесін қайтарғалы төрт жыл өтті. Осы уақыт ішінде қала мен өңірде не өзгерді? Қарапайым тұрғындар бұл өзгерістерді сезініп отыр ма?

Ulysmedia.kz редакциясы Абай облысына арнайы барып, Семейдің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.

Біз өңірдегі ірі өндіріс орындары – «SemAZ» және «Қазполиграф» кәсіпорындарында болып, жұмысшылармен сөйлестік. Өндірісті дамыту үшін не қажет? Өңірлерде сапалы әрі тұрақты жұмыс орындарын қалай көбейтуге болады? Жастар неге дипломы бойынша жұмыс таба алмай жүр? Қолжетімді баспана мәселесін қалай шешуге болады?

Бүгінде Қазақстан үшін маңызды міндеттердің бірі – экономиканың тірегіне айналатын орта бизнестің үлесін арттыру. Ол үшін отандық өндіріс пен қайта өңдеуді қолдап, ғылымды, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні өндіріспен ұштастыру қажет. Ең бастысы – жаңа кәсіпорындар мен инвестицияның пайдасын қарапайым халық нақты жұмыс орны, тұрақты табыс және жақсы өмір сапасы арқылы сезінуі тиіс.

Семей тұрғындарын зейнетақы жинақтары, білім гранттары, жастарды жұмыспен қамту мен баспана мәселесі де алаңдатады. Ал өңірдің өндірістік әлеуетін күшейту және қазақстандық өнім көлемін арттыру ел экономикасын нығайтудың маңызды жолдарының бірі болып отыр.

Төрт жылда Семей қалай өзгерді? Халықтың көңіл күйі қандай? Өңір тұрғындары саяси реформалардан қандай өзгерістер күтеді? Халықтың саяси белсенділігі қандай? 

Ulysmedia.kz арнайы репортажынан көріңіз.