×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Журналистерді меморгандарға неге кіргізбейді – Тоғжановқа цензура жайлы сұрақ қойылды

27.09.2021, 15:51
Журналистерді меморгандарға неге кіргізбейді – Тоғжановқа цензура жайлы сұрақ  қойылды
фото: ulysmedia.kz

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда журналистердің қатысуымен офлайн режимде баспасөз мәслихаттарын өткізу мәселесі қаралып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте журналистер тойға рұқсат берілгенімен, журналистер неліктен әлі күнге дейін баспасөз мәслихаттарына қатыса алмайтыны туралы сұрақ қойылды.

«Алдымен Нұр-Сұлтан әлі де «қызыл» аймақта тұрғанын еске салғым келеді. Сіздер білетіндей, түрлі іс-шараларды, соның ішінде салтанатты шараларды өткізуге қатысты ШОБ саласындағы өтініштер өте көп. Журналистерді мемлекеттік мекемелерге жіберуге қатысты айтар болсақ, бүгін де журналистер мен қатардағы қазақстандықтар үшін ақпаратқа қол жеткізуге шектеу жоқ екенін атап өткім келеді. Бұл ретте карантиндік шектеулер цензура және ақпаратқа қол жеткізуге кедергі бола алмайды. Үкіметте, парламентте жүргізіліп жатқан барлық іс-шара БАҚ-та жарияланады, онлайн-режимде трансляция арқылы тарайды», - деп жауап берді Тоғжанов.

Оның айтуынша, жағдайдың жақсарғанына қарамастан талаптар әлі күшінде тұр.

«Мен әлеуметтік қашықтықты, маска режимін айтып отырмын. Бүгінгі таңда министрлер бейнеконференция режимінде кеңестерге қатысады. Байланыс барынша азайтылған. Жалпы, ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі бүгінгі бетпе-бет кездесумен ғана шектелмейді. Басқа да көптеген мүмкіндіктер бар, бұл жазбаша сұраулар, журналистердің тікелей өтініштері, сондай-ақ біз сізбен бірнеше рет кездескен онлайн-кездесулер мен брифингтер. Электрондық үкімет және әлеуметтік ресурстар арқылы кері байланыс та бар», - дейді ол.

Ералғы Тоғжанов Қазақстанда журналистердің қатысуымен офлайн режимде баспасөз мәслихаттарын өткізу мәселесі қаралып жатқанын да мәлім етті.

«Алайда бұл ретте Ashyq-та мәртебе «жасыл» болуы керек», - дейді вице-премьер.