Қазақстанның Түркиядағы елшілігі жер сілкінісі болған аумақтан шыққысы келетін ел азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығыс аумағында болған жер сілкінісіне байланысты 7 ақпанда Газиантеп қаласынан Қазақстан азаматарын алып шығу іс-шаралары жүргізілуде. Осы ретте Қазақстанға қайтамын деген ҚР азаматтары болған жағдайда 7 ақпанда сағат 12:00-де Газиантеп қаласының әуежайында тиісті процедуралардан өтіп (паспорт бақылауы, қауіпсіздік тексеріс және т.б), дайын болуы тиіс», - деп хабарлады елшілік.
Қазақстанға оралуға ниетті азаматтардың тізімін жасау үшін міндетті түрде төмендегі байланыстарға хабарласу керек.
Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 7,4 балдық жер сілкінісі болды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне көңіл айып, Қазақстан көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Бүгін қазақстандық дәрігерлер мен құтқарушылар зілзаладан зардап шеккендерге көмектесу үшін Түркияға аттанды.