×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Боран: екі облыста жол жабылды

13.02.2023, 14:21
фото: ашық дереккөзден

Жамбыл және Жетісу облыстарында ауа-райының қолайсыздығына байланысты жол учаскелері жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” мәлім етті.

"Жамбыл облысында ауа-райының қолайсыздығына (қар, боран, көрінудің шектелуі) байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" тасжолының Кенен ауылынан Благовещенко ауылына дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді. Көлік қозғалысы ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асуда.

Жетісу облысында ауа-райының қолайсыздығына (боран, көрінудің шектелуі) байланысты "Үшарал-Достық" күре жолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралықта автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын “Қазгидромет” мамандары елдің қай өңірлерінде ауа райы бұзылатынын айтқан.

Серіктес жаңалықтары