×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Қар аралас жаңбыр: Синоптиктер қай өңірде ауа райы бұзылатынын айтты

13.02.2023, 07:34
фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 13 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Синоптиктер 13 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Баренцево теңізі аймағында орналасқан циклон жырасы мен атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстан ауа райын анықтайтын болады, шығыс аймақтарда қар жауып, жаяу бұрқасын болады, сондай-ақ батыс аймақтар мен ҚР оңтүстігінің таулы аудандарында жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Оңтүстік-шығыста, солтүстікте және орталықта ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі және көктайғақ болуы мүмкін.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 9-11 градус аяз.

Алматыда да көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 0 градус шамасында болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы болады.

Серіктес жаңалықтары