×
$
464.77
541.36
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
464.77
541.36
5.41

Бектенов Қазақстанның премьер-министрі қызметінде қалды

Бүгін, 11:00
Бектенов Қазақстанның премьер-министрі қызметінде қалды
Primeminster.kz

Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметін басқара береді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдағы саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесуінде премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Кездесуде президент жаңа Конституцияның 46-бабына сәйкес премьер-министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция жетекшілерімен кеңесуге тиіс екенін айтты.

Талқылауға «Әділет» партиясы фракциясының жетекшісі Ербол Адаев, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Қайрат Айтуғанов, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Дания Еспаева, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов қатысты.

Олжас Бектенов кім?

Олжас Бектенов 1980 жылғы 13 желтоқсанда Алматыда дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасында бастады. Кейін премьер-министр кеңсесінің заң бөлімінде және Президент әкімшілігінде қызмет атқарды.

2009-2012 жылдары Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары болды. Одан кейін қаржы полициясы жүйесінде департамент басқарды.

2015-2016 жылдары Астана қаласы әкімінің аппаратын басқарды, сондай-ақ Президент әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды.

2016-2017 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаментін басқарды. 2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары болды.

2018-2019 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, ал 2019-2022 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2022-2023 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болды. 2023-2024 жылдары Президент әкімшілігін басқарды.

Айта кетейік, 2024 жылғы ақпанда Олжас Бектеновтің Премьер-министр қызметіне тағайындалуына сол кездегі Мәжіліс депутаттары келісім берген болатын.

Олжас Бектенов ІІ дәрежелі «Айбын» және «Даңқ» ордендерімен марапатталған.