×
$
464.77
541.36
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
464.77
541.36
5.41

Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Бүгін, 14:02
Балаева  Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Ақорда

Аида Балаева  Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

– Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалсын, – делінген құжатта.

Аида Балаева кім?

Аида Балаева мұның алдында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары әрі мәдениет және ақпарат министрі қызметін атқарды. Ол бұл қызметке 2023 жылғы 2 қыркүйекте тағайындалған. Балаева — әлеуметтік ғылымдар кандидаты.

Ол еңбек жолын 1999 жылы Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бастаған. Кейін Алматының ішкі саясат саласында түрлі қызметтер атқарып, 2006-2008 жылдары Алматының ішкі саясат департаментін басқарды. 2008-2010 жылдары Астананың ішкі саясат басқармасының бастығы, ал 2010-2014 жылдары Астана әкімінің орынбасары болды.

2014-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2019-2020 жылдары президенттің көмекшісі болды.

2020 жылғы қаңтардан 2022 жылғы қаңтарға дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметін атқарды. Кейін 2022-2023 жылдары Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болды.

Аида Балаева 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған. 2010 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

Бұған дейін

Еске салайық, бұған дейін Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болғанын, Олжас Бектенов Қазақстанның премьер-министрі қызметінде қалғанын жазған едік.