×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

ҚазАгроның басқарушы директоры Ауыл шаруашылығы вице-министрі болды

15.02.2023, 17:49
Фото: Ашық дереккөз

Ербол Тасжүреков Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ербол Тасжуреков 1979 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Х.А. Ясауи атындағы Мемлекеттік халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Францияның Ұлттық әкімшілік мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы жеке меншік компанияда менеджер болып бастаған.

Әр жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2007-2013 жылдары Астана қаласы Алматы аудандық сотында қызмет етті.

2013-2014 жылдары – ҚР Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Кәсіпкерлік қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру басқармасының басшысы; Өңірлерге мониторинг жүргізу және бағалау департаменті Өңірлерге мониторинг жүргізу және бағалау басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

2014-2016 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңіраралық ынтымақтастық, өңірлерді талдау және бағалау департаменті директорының орынбасары; Өңірлік саясат, өңірлерді талдау және бағалау департаменті директорының орынбасары;

2016-2018 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары;

2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

2018-2019 жылдары – Түркістан облысы әкімінің орынбасары;

2019 жылғы сәуірден 2021 жылғы маусымға дейін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі болды.

Серіктес жаңалықтары