×
$
458.13
€
502.29
₽
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.13
€
502.29
₽
5.58

Алматыда такси жүргізушісі жапониялық туристен 95 мың теңге сұраған

Бүгін, 18:08
Алматыда такси жүргізушісі жапониялық туристен 95 мың теңге сұраған
pixabay

Алматыға алғаш рет келген жапониялық турист әуежайдан шыға салысымен жағымсыз жағдайға тап болды. Такси жүргізушісі небәрі 14 шақырым жол жүргені үшін одан 95 мың теңге талап еткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Такси жүргізушісі туристі қалай алдаған?

Оқиға туралы алматылық Балжан есімді тұрғын Threads желісінде жазды. Оның айтуынша, Жапониядан келген құрбысын әуежайдан өзі күтіп ала алмағандықтан, алдын ала мекенжайын жіберіп, таксиді тек арнайы қосымша арқылы шақыруды ескерткен.

Алайда әуежайда шетелдік туристке жергілікті такси жүргізушілері жолыққан. Олар ресми түрде жұмыс істейтінін айтып, есептегіш арқылы жүрген әлдеқайда арзанға түсетініне сендірген.

«Ақырында жолақыға қанша сұрағанын білесіздер ме? 14 шақырым үшін 95 мың теңге!» – деп жазды алматылық тұрғын.

Оның айтуынша, шетелдік туристің банк картасынан 40 мың теңге шешіліп үлгерген. Бұдан кейін банк күмәнді операцияны бұғаттаған. Ал жүргізуші жолаушыға жеңілдік жасағанын айтқан.

Жүргізуші туристке WhatsApp арқылы хабарласқан

Оқиға мұнымен аяқталмаған. Алматылық тұрғынның айтуынша, такси жүргізушісі кейін оның құрбысына WhatsApp арқылы хабарласып, жақынырақ танысуды және қаланы тегін аралатуды ұсынған.

Балжан құрбысының Қазақстанға алғаш рет келгенін және мұндай жағдайға тап боламын деп ойламағанын жеткізді.

«Ол Қазақстанға ақ көңілімен келіп еді, осындай қарым-қатынасқа тап болды», – деп жазды желі қолданушысы.

Такси жүргізушісі жауапқа тартылды

Әлеуметтік желіде жарияланған оқиға Алматы полициясының назарына ілікті.

Жазба авторының айтуынша, жүргізуші жапониялық туристке 30 мың теңгесін қайтарып берген. Ал полиция оны әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Сізге қызық болуы мүмкін