×
$
447.73
€
502.98
₽
5.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.73
€
502.98
₽
5.35

Қазақстанның арнайы мақсаттағы күштерінің қолбасшысы ауысты

Бүгін, 10:17
Қазақстанның арнайы мақсаттағы күштерінің қолбасшысы ауысты
Қорғаныс министрлігі

Қасым-Жомарт Тоқаев Азамат Хасеновті Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – арнайы мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

– Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Хасенов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, – делінген құжатта.

Арнайы мақсаттағы күштер Мемлекеттік күзет қызметінің құрылымына кіреді. Олар күзетілетін тұлғалар мен нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметіне жүктелген өзге де міндеттерді орындауға қатысады.

Бұған дейін кім қызмет атқарды?

Азамат Хасеновке дейін Арнайы мақсаттағы күштерді Айтқұрман Омарбеков басқарды. Ол бұл қызметке Қаңтар оқиғаларынан кейін бекітілген болатын. Бүгін президент өкімімен Омарбеков қызметінен босатылып, Қарулы күштер бас штабының бастығы қызметіне тағайындалды.

Азамат Хасенов туралы ашық дереккөздерде ақпарат аз. Оның бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметі жүйесінде жұмыс істегені белгілі. 2022 жылғы мамырда Хасенов МКҚ басқармасының бастығы қызметін атқарып, мемлекеттік наградамен марапатталған.