Каспий құбыр консорциумы Қара теңіз терминалынан мұнай жөнелту жұмысының қайта жанданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«22 ақпаннан бастап теңіз терминалы арқылы мұнай тасымалдау жұмыстары қалпына келтірілді. Ауа райы жағдайының жақсаруы мұнайды ауыстырып тиеуді қалпына келтіруге мүмкіндік берді», - делінген компания таратқан хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты мұнай тасымалы тоқтап қалған болатын.