×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Соғыс қаупі төнді ме: Қазақстан әскери техника мен қарудың жаңа түрлерін сатып алып жатыр

23.02.2023, 12:33
фото: ашық дереккөзден

Елдің қорғаныс жүйесі жаңа техника және заманауи қарулармен жарақтандырылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов мәлімдеді.

«Қару-жарақ пен әскери техниканы мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті жоспарымыз бар. Әрине, отандық өндірушіге, қару-жарақтың жаңа түрлерін сатып алуға басымдық беріледі. Былтыр бізге жаңа ұшақтар жеткізілді. Сонымен қатар, әуе қорғанысы жүйелері және басқа да құралдар да сатып алынды», - деді вице-премьер Сенат кулуарында.

Сондай-ақ, Қамалетдинов Биыл Қазақстанның әскери бюджеті өскенін жеткізді.

«Қорғаныс министрлігінің әскери бюджеті қарастырылып, Қазақстанның ЖІӨ-министрдің орынбасары.нің бір пайызы шамасында бекітілді», - деді министрдің орынбасары.

Вице-премьер Украинадағы соғыстан кейін Қазақстан әскері дайындығына қандай өзгерістер енгізілгеніне де тоқталды.

«Біріншіден, біз ұшқышсыз ұшу аппараттарының (дрондар) операторларымен жиын өткізіп, мұқият дайындықты бастадық. Себебі бұл әскери конфликтіде ұшқышсыз ұшу аппараттары барлауда және шабуыл жасауда қолданылып жатыр. Екіншіден, артиллерия. Зымыран әскерлерінің жиі қолданылатын жауынгерлік дайындығына да басымдық берілетін болды», - деді Сұлтан Қамалетдинов.

Серіктес жаңалықтары