×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Ресей азаматтығын алған зейнеткер Қазақстанға 12 млн төлеуге міндеттелді

28.02.2023, 15:47
Ресей азаматтығын алған зейнеткер Қазақстанға 12 млн төлеуге міндеттелді
фото: ашық дереккөзден

Қос азаматтықпен жүрген зейнеткер екі мемлекеттен қатар зейнетақы алып келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

"Біздің бұрынғы отандасымыз Людмила Ш. 1995 жылы Қазақстанда зейнетке шықты. Ал 2000 жылы ол Ресей азаматтығын алды және осы жылдан бастап көрші елден зейнетақы ала бастады. Сот оның әрекеттерін заңсыз баю деп танып, мемлекетке зейнетақы ретінде заңсыз алған 11,8 млн теңгені қайтаруды талап етті", деп хабарлайды басылым.

Айыпталушы сот үкіміне шағымданды. Оның өкілінің пікірінше, қос азаматтық зейнетақыны қайтаруға себеп емес.