×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда қант 55% қымбаттады

01.03.2023, 12:53
Қазақстанда қант 55% қымбаттады
фото: ашық дереккөзден

2023 жылғы ақпанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 21,3% құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жыл ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 26,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 20,5%, ақылы қызметтер құны 15% өсті.

2022 жылғы ақпанмен салыстырғанда пияз – 105%, кір сабын – 90,3%, кеңсе тауарлары – 71,8%, қияр – 56,8%, ағартқыштар мен балалар сабыны – әрқайсысы 56,3%-дан, қант – 55%, консервіленген сүт – 49,1%, күріш – 44,9%, макарон өнімдері – 41,1%, ұн 40,2% қымбаттаған.

Жылдық мәнде, керісінше, ақбас қырыққабат 30,1%-ға арзандады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның қай өңірлерінде азық-түлік күрт қымбаттағанын жазғанбыз.

Сондай-ақ, өткен жылы халықтың нақты ақшалай табысы қаншалықты азайғанын есептеп көрдік.