×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстандықтар бір айда зейнетақы қорынан 11 млрд теңгеден астам қаржы алды

06.03.2023, 14:32
Қазақстандықтар бір айда зейнетақы қорынан 11 млрд теңгеден астам қаржы алды
фото: ашық дереккөзден

2023 жылғы ақпан айында зейнетақы қорынан алынған зейнетақы жинақтарының сомасы 11 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БЖЗҚ мәліметінше, бұл  қаңтар айымен салыстырғанда 0,6 млрд теңгеге артық.

"Барлық қаржының үштен екісі тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсалды: 7,5 млрд теңге (3,4 мың өтініш орындалды). Олардың басым бөлігі тұрғын үй сатып алу кезінде толық есеп айырысуға кетті (4,6 млрд теңге). Нысаналы депозиттерді толықтыруға – 1,1 млрд теңге, ипотеканы ішінара немесе толық өтеуге – 1,1 млрд теңге, бастапқы жарнаны енгізуге және ипотека алуға 469 млн теңге бағытталды. Тағы 146 млн теңге басқа мақсаттарға жұмсалды", - делінген хабарламада.

Салымшылар емделуге ақы төлеу мақсатында 3,5 млрд теңгені өз шоттарынан шешіп алды (2,8 мың өтініш орындалды). Ақшаның басым бөлігін тіс дәрігерлеріне беруге жұмсаған. 

Алынған қаражаттың аз ғана бөлігі басқарушы компанияларға аударылған: 26 млн теңге (10 өтініш орындалды).

Еске салайық, 2021 жылдан бастап ел азаматтарына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатын тұрғын үй алу немесе емдік шаралар үшін пайдалану мүмкіндігі берілді.

Жеткіліктік шегіне жеткен қазақстындықтар үш жағдайда ғана зейнетақы жинағының бір бөлігін шешіп алуға құқылы:

  •  Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін;
  • Денсаулықты жақсарту мақсатында емдік шараларды төлеу үшін;
  • Сенімді жеке компанияларға қаржыны басқару беру үшін.

Жеткіліктілік шегі – бұл бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында шоты бар салымшыға қажетті ең төменгі сома. Бұл қаржы 82 жасқа дейін салымшының минималды сомадағы зейнеттік төлемдерін қамтамасыз ете алуы тиіс. Егер шоттағы жинақ сол сомадан асса, қалған ақшаны мақсатты түрде пайдалануға болады. Салымшылар жеткіліктілік шегіндегі соманы түгел шешіп алуға құқылы.

Айта кетейік, бұдан бұрын қазақстандықтардың зейнетақы жинағы шетелдік компаниялардың басқаруына берілуі мүмкін екені хабарланған.