×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Мақта дауы: ел зауыттары диқандарға 560 млн теңге қарыз

09.03.2023, 17:09
azattyq-ruhy.kz

Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның сөзінше, биыл елімізде мақта алқаптарының аумағы азаяды.

"Ылғалды көп қажет ететін дақылдарға келсек, биыл өткен жылға қарағанда мақта алаңының 14,8 мың гектарға азаюы болжанып отыр. Ол 111,4 мың гектарды құрайды", - деді министрдің орынбасары.

Әбілхайыр Тамабектің дерегінше, былтыр 330 мың тоннадан астам мақта өнімі жиналған.

"Бірақ та, Ливерпуль биржасында баға болмауына байланысты мақта дауы біраз көтерілді. Әлі күнге дейін былтырғы өнімін өткізе алмай жүрген шаруалар бар. Мақта зауыттары диқандарға 560 млн теңгедей қарыз. Бүгінде сол зауыттар мақташылардың алдында берешегін өтеп жатыр. Оныншы наурызға дейін толық жабамыз деп уәделерін берген. Сол себепті де былтыр баға болмағаннан кейін диқаншылар өздері бас тартып жатыр. Қазіргі таңда Түркістан облысында мақта алқаптарының белгілі бір бөлігін жүгері алқаптарына ауыстыру туралы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол жерге әлеуетті инвесторлар тартылды. 25-30 мың гектар мақта алқабын жүгері алқаптарына ауыстырсақ деген ниет бар", - деді вице-министр брифингте.

Серіктес жаңалықтары