×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресей Қазақстанға 850 мың тоннаға жуық дизель отынын жеткізеді

14.03.2023, 13:25
Ресей Қазақстанға 850 мың тоннаға жуық дизель отынын жеткізеді
фото: ашық дереккөзден

Мұндай мәліметті үкімет кулуарында Энергетика министрлігінің басшысы Болат Ақшолақов жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАҚ өкілдері министрден 2023 жылы дизель тапшылығын болдырмау үшін Үкіметтің не істеп жатқанын сұрады.

"Біз дизель отынының қорын егіс маусымына дейін қамдап қойдық. Импортталатын отын көлемін анықтадық. Ресей Федерациясымен екіжақты қатынастар аясында шамамен 850 мың тоннаға дейін жеткізіледі. Жеткілікті қор жинадық, осы маусымды сәтті өткіземіз деп үміттенеміз", - деп жауап берді министр.

Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстанда дизель отыны бағасы күрт өсті.

Айта кетейік, бұдан бұрын Болат Ақшолақов Қазақстан Германияға ай сайын 20 мың тонна мұнай жөнелтіп отыратынын мәлімдеген.