×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

БҚО-да ауыл шаруашылығы басқармасының экс-басшысы сотталды

14.03.2023, 13:42
фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы бөлім басшысына үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орал қалалық сотында БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімінің 29 жастағы басшысы Мирас Әнуаров пен 35 жастағы кәсіпкер Талап Сұлтанғалиев сотталды.

Іс материалдарына сәйкес, 2019 жылы Әнуаров Сұлтанғалиевпен алдын ала сөз байласқан. Күн батареяларын сатып алу үшін шаруа қожалықтарының басшыларына субсидия алуға құжаттар жасауға жәрдем көрсеткен. Бұл ретте шаруа қожалықтарының басшылары ештеңеден күдіктенбеген, тіпті қажетті құжаттар мен өздерінің электрондық-цифрлық қолтаңбаларын тапсырған. Ал кәсіпкер күн батареяларын Алматы базарларынан төмен бағамен сатып алыпты.

"Сотталушылардың заңға қайшы әрекеттері салдарынан мемлекетке 5,1 млн теңге көлемінде залал келді", - делінген үкімде.

Сот шешімімен олар "Алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік зиян келтіру" бабы бойынша кінәлі деп танылды. Кәсіпкер мен экс-шенеунікке бес жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Алайда сот "Рақымшылық туралы" заңды қолданып, оларды жауапкершіліктен босатты.

"Бұл ретте сотталғандар сот шешімімен келіспейғ апелляциялық шағым түсірдіі", - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары