Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин пияз экспортына салынған тыйым әзірге алынбайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұған дейін ішкі нарықта бағаны тұрақтандыру мақсатында пиязды экспортына тыйым салынған еді. Қаулы 28 қаңтардан бастап 3 ай мерзімге күшіне енген. Алайда үкімет әзірге көкөністің бұл түрін сыртқы нарыққа шығаруға рұқсат берілмейтінін айтты.
"Соңғы деректерге сүйенсек, елімізде 68 мың тонна пияз бар. Бұл - жаман көрсеткіш емес. Десе де, наурыз-сәуір айларында ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін бізге 40 мың тонна пияз қажет", – деді С.Жұманғарин.
Еске салсақ, бұдан бұрын Сауда министрі елімізде пияз мәселесінің қиындауына БАҚ өкілдерін кінәлаған еді.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы ақпанда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда пияз бағасы 105% өскен.