×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

«Сіздер айтпасаңыздар, халық пияз мәселесін білмейтін еді»: Жұманғарин журналистерге кеңес берді

16.02.2023, 11:41
«Сіздер айтпасаңыздар, халық пияз мәселесін білмейтін еді»: Жұманғарин журналистерге кеңес берді
Фото: Ашық дереккөзден

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин журналистерге қымбатшылықты болдырмаудың бір кеңесін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенат кулуарында журналистер Жұманғариннен пияз бағасының қымбаттау себебін сұраған. Алайда пияз бағасы өсті деген сөзбен министр келіспейтінін айтты.

«Мен сізбен келіспеймін. Баға қазіргі уақытта тұрақтанды. Әрине, сіздер айтпасаңыздар, пияз мәселесін адам білмейтін еді. Бірақ БАҚ-тың сондай күші бар. Пияз деген жетеді. Экспортты жауып тастадық. Пияз деген Қазақстанда жеткілікті. Баға – 130 теңге. Астанада «Магнум» дүкеніндегі баға сондай. Кеше «Магнум» өзі тексеріс жүргізіп, тауарды кезек-кезекпен қайта-қайта алып, базар арқылы сатып жатқан 19 кісіні анықтады. Ол деген дұрыс емес қой. Біз осы тауарды халыққа арзандатып, 130 теңгеден сатып жатырмыз», - дейді ол.

Жұманғариннің айтуынша, азық-түліктің сапасы төмен деген әңгіме басталған.

«Барып тексердік. Сапасы жақсы. Әрине, арасында кесілгені, езілгені болады. Картопта да сондайы кездеседі. Әрбір әкімдікке индикациялық баға бердік. Осындай бағамен сатасыз деп. Биыл инфляцияның деңгейі 9,5 пайыздан аспайды. Соған байланысты Статистика бюросымен бірігіп бағаның индикаторларын жасадық. Дұрыстап айналым схемасы арқылы алған әкімшілік шығын көрмейді. Кезінде пиязды қорларға салып 45-50 теңгеден алуға болатын еді. Картоп 60-70 теңгеден болды. Делдалдар арқылы алып жатқандарға әрине қиын», - дейді шенеунік.

Пияздың қымбаттауына журналистер кінәлі ме деген сауалға министр: «Олай айтқан жоқпын. Бос жарнама жасамасаңыздар. Пияз жеткілікті, ешқандай даурығудың қажеті жоқ» деп ескертті.