Еліміздің күш құрылымдарына қосымша 317 млрд теңге бөлінбек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті.
"Күш құрылымдарының шығыстары 2,5 трлн сомасында жоспарланған, қосымша тағы 317 млрд теңге бөлу көзделген", – делінген министр Жамаубаевтың баяндамасында.
Айта кетейік, Қазақстан әскери қуаты жөнінен әлем елдері арасында 63-орында тұр. Бұдан бұрын еліміздің әскері қанша, қаруының қуаты қандай екенін жазғанбыз.
Сондай-ақ, Қазақстан әскери техника мен қарудың жаңа түрлерін сатып алып жатқаны хабарланған.