×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Ресей Өзбекстанға Қазақстан арқылы 25 мың тонна мұнай жөнелтеді

16.03.2023, 15:09
rg.ru

«ҚазТрансОйл» АҚ наурыз айында Өзбекстанға 25 мың тонна ресейлік мұнайды жөнелтпек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, Энергетика министрлігі бекіткен мұнай жеткізу кестесі бар.

Оған сәйкес наурыз айында «ҚазТрансОйл» АҚ 25 мың тонна ресейлік мұнайды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына жеткізеді.

Мұнай «Омбы - Павлодар - Шымкент - Шағыр мұнай құю тірегі» (темір жол цистерналарына тиеу) арқылы тасымалданады.

2023 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі арқылы Өзбекстанға ресейлік мұнай транзитінің жалпы жоспарлы көлемі - 250 мың тонна.

Айта кетсек, биыл Ресей Қазақстанға 850 мың тоннаға жуық дизель отынын жеткізеді.

Ал Қазақстан Германияға ай сайын 20 мың тонна мұнай жөнелтіп отырмақ.

Серіктес жаңалықтары