×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Президенттікке экс-кандидаттар Мәжіліс депутаты атанды

28.03.2023, 09:11
фото: ашық дереккөзден

«Ауыл» партиясы Мәжіліске баратындардың тізімін бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«2023 жылғы 27 наурызда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Саяси кеңесінің Президиум отырысы өтті. Партияның Жарғысына сәйкес жиында 2023 жылғы 19 наруызда өткен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы нәтижесінде алған 8 депутаттық мандат иелері анықталып, бекітілді», - деп жазылған партияның баспасөз мәліметінде.

Сонымен, партия атынан Парламенттің төменгі палатасына депутат болатындар:

- Жигули Дайрабаев (партия төрағасының орынбасары, Қазақстан фермерлер қауымдастығының жетекшісі);

- Серік Егізбаев (бұрынғы Ауыл шаруашылығы, ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі);

- Қарақат Әбден (әйелдер квотасы бойынша);

- Анас Баққожаев (партия төрағасының орынбасары);

- Ерболат Саурықов («Ауыл» ХДП Жамбыл облысы бойынша облыстық филиалының төрағасы, Ш.Мұртаз атындағы Тараз халықаралық инновациялық институтының президенті);

- Николай Арсютин, «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары;

- Аян Зейнуллин (жастар квотасы бойынша);

- Таңсәуле Серіков, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ оқытушысы (инклюзивті қоғам өкілдеріне арналған квотаға сәйкес).

Еске салсақ, 19 наурызда өткен сайлау қорытындысы бойынша «Ауыл» партиясы 693 938 (10,9%) дауыс жинаған.

Серіктес жаңалықтары