×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Сайлаудың түпкілікті қорытындысы: Партияларға қанша мандаттан бұйырды

27.03.2023, 12:09
Коллаж: Ulysmedia.kz

Орталық сайлау комиссиясы Парламент мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының түпкілікті нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сайлауда 6 366 441 дауыс есептелген.

Аманат – 3 431 510  дауыс немесе 53,9% – 40 мандат;

Ауыл – 693 938 дауыс немесе 10,9% – 8 мандат;

Республика – 574 154 дауыс немесе 8,59% – 6 мандат;

ҚХП – 432 920 дауыс немесе 6,8% – 5 мандат;

Ақ жол – 535 139 дауыс немесе 8,41% – 6 мандат;

ЖСДП – 331 058 дауыс немесе 5,1% – 4 мандат;

Байтақ – 146 431 дауыс немесе 2,3%

Барлығына қарсы – 248 291 дауыс немесе 3,9%.

Еске салайық, елімізде мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы 19 наурызда өтті. Биылғы сайлауда ел тұрғындарының белсенділігі тарихтағы ең төмен көрсеткіштердің бірі болды.

Бұдан бұрын Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялаған.

Серіктес жаңалықтары