×
488.93
532.4
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.93
532.4
5.04

Аймағамбетов, Зайытов, Аралбайұлы: AMANAT партиясынан Мәжіліске кімдер өтті

28.03.2023, 09:26
Аймағамбетов, Зайытов, Аралбайұлы: AMANAT партиясынан Мәжіліске кімдер өтті

AMANAT партиясы Мәжіліске депутаттық мандаттарды бөлді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

AMANAT партиясының Саяси кеңесі бюросының шешімімен 40 кандидаттың тізімі бекітіліп, ҚР Парламенті мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін орталық сайлау комиссиясына жолданды.

Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Мәжілістегі AMANAT партиясы фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32%-ды құрайды.

Еске сала кетейік, 19 наурызда Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Сайлау қорытындысына сәйкес, «AMANAT» сайлаушылардың 53,9% дауысын жинады. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді.