×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

"Мына үкіметпен мәселелерді шеше алмаймыз": Әуесбаев депутаттардың Смайыловты қолдағанына ашулы

30.03.2023, 11:27
Коллаж: Ulysmedia.kz

Мәжілістегі ЖСДП фракциясының мүшесі, депутат Нұрлан Әуесбаев Смайыловтың премьер-министр қызметінде қалғанына наразы екенін жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОСДП мүшесі, депутат Нұрлан Әуеспаев Әлихан Смайыловтың премьер-министр болып тағайындалуына қарсы сөйледі.

«Елдегі жағдайды көріп отырсыздар. Қымбатшылық күннен-күнге үдеп барады. Халық қиналуда. Үгіт-насихат жұмыстары кезінде халықтың ортасына барғанда біз олардың проблемаларын естідік. Соларды билік басындағыларға жеткізуіміз керек», - деді Әуесбаев.

Депутат Смайыловтың үкіметі елді ұшпаққа шығара алатынына сенбейді.

«Президент қаншама реформа жасап, елдің жағдайын оңалтуға тырысып жатқанымен, мына үкіметпен  мәселелерді шешу мүмкін емес», - деп шорт кесті мәжілісмен.

Айта кетейік, ЖСДП фракциясы Әлихан Смайыловтың премьер-министр болуына қарсылық білдіргенімен, ол Үкімет басшысы қызметінде қалды.

Серіктес жаңалықтары