×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Әлихан Смайылов премьер-министр қызметінде қалды

30.03.2023, 10:49
Фото: Ашық дереккөзден

2022 жылдың басынан бері Қазақстанның премьер-министрі қызметін атқарып келе жатқан Әлихан Смайылов қызметін жалғастыратын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекет басшысына бүгін «AMANAT» партиясының атынан жаңа премьер-министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылған еді. 

Отырысқа қатысқан Тоқаев құрылған жаңа үкіметтің тың міндеттерін атады. Тоқаев Смайыловтың кандидатурасын мәжіліс депутаттарына ұсынды.

“Жаңа ғана фракция жетекшілерімен кездестім. Ортақ мәмілеге келдік. Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынамын. Білікті әрі тәжірибелі маман. Жұмысқа адам, еңбекқор адам. Үкімет алдындағы міндеттерді жақсы біледі. Жаңа үкіметтің тізгінін сеніп тапсыруға болады деп санаймын. Мәжіілстің келісім беруін сұраймын”, – деді Тоқаев.

Дауыс беру кезінде Смайылов басым дауыспен премьер-министр қызметінде қалды.

Айта кетейік, Әлихан Смайылов 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1996 жылы — ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

1993–1999 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.

1999–2003 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

2003–2006 жж. — ҚР сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.

2006–2009 жж. — ҚР қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰБХ президенті.

2009–2014 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

2014–2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы.

2015–2018 жж. — ҚР Президентінің көмекшісі.

2018 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы ақпанға дейін — Қаржы министрі.

2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалды.  2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары